Сан-Петербордағы терактіден қаза тапқандар саны 14-ке жетті, деп хабарлайды РФ денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова.
"Бүгін қайғылы оқиғадан 14 адам қаза тапты. Оның 11-і оқиға болған жерде жан тапсырса, біреуі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда, қалған екеуі қабылдау бөлімінде көз жұмды", – дейді Вероника Скворцова.
Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуір күні Сан-Петербордағы "Сенная площадь" және "Технологический институт" метро станцияларының арасындағы туннельде жарылыс болған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу