Қазақстанда ұстаз тағдыры арқау болатын "Mugalim" фильмі кинотеатрларға шықты

325

Фильм New Directors байқауына енген алғашқы қазақстандық әйел режиссер туындысы.

Қазақстанда ұстаз тағдыры арқау болатын "Mugalim" фильмі кинотеатрларға шықты Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Алматыда қазақстандық режиссер Аяна Нұрдинованың "Mugalim" фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға фильмнің шығармашылық тобы, кино саласының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, журналистер мен блогерлер қатысты.

Фильмнің әлемдік премьерасы 20 қыркүйекте Сан-Себастьяндағы 74-ші халықаралық кинофестивальде өтті. Туынды New Directors байқау бағдарламасына енді. Бұл аталған байқауға қазақстандық әйел режиссер түсірген алғашқы фильм болды.

Бұл – А санатындағы ең байырғы халықаралық кинофестивальдердің бірі.

"Mugalim" – Аяна Нұрдинованың алғашқы толықметражды туындысы. Фильмде Балқашта музыка пәнінен сабақ беретін Жандостың оқиғасы баяндалады. Ол ұстаздық қызметін жақсы көргенімен, өнер жолына түсуді де армандайды. Кейіпкер алдында үлкен қалаға көшіп, арманына жету немесе өзіне жақын адамдардың жанында қалу таңдауы тұрады.

Фильм Балқашта түсірілген. Басты рөлдерді Олжас Дәлелхан, Рүстем Жаныаманов, Шынар Жанысбекова, Ольга Ландина, Гүлнар Дусматова және басқа актерлер сомдады. Фильмнің продюсері – Аружан Досымқожа, қоюшы операторы – Айгүл Нұрболатова.

Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

"Mugalim" фильмі 8 қазаннан бастап Қазақстан кинотеатрларында кең прокатқа шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу