Санақ індеттің халық өміріне әсерін бағалауға мүмкіндік береді

1011

Сонымен қатар еліміздегі таяу жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды болжау үшін негіз болады.

Санақ індеттің халық өміріне әсерін бағалауға мүмкіндік береді

Алматы қаласы бойынша Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков осындай пікірде, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Жүргізілген халық санағының қорытындысы бойынша көрсеткіштер кең ауқымда алынады. Жиналған ақпарат халық санын есептеу мен елдегі таяу жылдардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сипаттамалары үшін негіз болады. Санақ нәтижелері аудандар, қалалар мен ауылдар бөлінісінде халық саны мен оның құрамы туралы нақты деректер алу үшін қажет", – деді спикер. 

Айдар Әбілдабековтың айтуынша кейін осы деректер негізінде маңызды шешімдер қабылданады. 

"Әр түрлі жастағы адамдардың қайда және қанша уақыт тұратынын біле отырып, мемлекеттік балабақшалар, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салуды жоспарлауға болады. Сонымен қатар, санақ қорытындысы экономикалық дағдарыс, індеттер адамдардың өміріне қалай әсер ететінін бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұлттық жобалардың нәтижелерін шығаруға көмектеседі", – деп атап өтті спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу