"Саналы түрде келуіңізді сұраймыз"

896

БҚО полициясы қаржы пирамидасынан зардап шеккен тұрғындарды іздестіріп жатыр.  

 "Саналы түрде келуіңізді сұраймыз"

БҚО полициясы қаржы пирамидаларынан зардап шеккен облыс тұрғындарын іздестіріп жатыр. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында жазған.

"ҚР ІІМ Тергеу департаменті аумақтық бөлімшелермен бірлесіп, "Гарант 24 ломбард", "Выгодный займ", "Estaet ломбард" ЖШС компанияларының басшылары мен қызметкерлеріне қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, ол қазір аяқталу сатысында тұр. Бүгінгі таңда тергеуді тезірек аяқтау үшін ішкі істер органдары қылмыстық топтың – аталған компаниялар басшыларының әрекеттерінен зардап шеккен барлық азаматтардың өтініштерін барынша қамтып, қабылдауы қажет. Осыған байланысты, бұрын полиция органдарына жүгінбеген, "Гарант 24 ломбард", "Выгодный займ", "Estaet ломбард" ЖШС-терінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен тұлғалардың саналы түрде Орал қаласы Пугачево-45 көшесінде орналасқан Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне келуін сұраймыз. БҚО ПД баспасөз қызметі", – деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, облыс тұрғындары алғаш рет "Гарант 24 ломбард" ЖШС-ның қызметіне ақпан айында шағымданған болатын. Сөйтіп, 22 ақпан күні аталған ломбардтың басшысы ұсталған. Ол кезде барлығы 29 адам арыз берген, шын мәнінде, зардап шеккендер саны одан әлдеқайда көп екені белгілі.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу