Балалар ойыншығын саудалайтын желілердегі тауарларда ашық түрде соғысты қолдау жазбалары табылды. Мұны қоғам белсенділері байқап әлеуметтік желіде жариялады. Ресей азаматтарына тиесілі дүкенде мұндай тауарлар көп болып шықты. Алайда біздің елде оның бала психологиясына тигізер залалын дәлелдейтін маман, тіпті әдістеме де жоқ.
Бұл туралы Atameken Business арнасындағы "Түскі формат" бағдарламасында Денсаулық сақтау министрлігі Азық-түлік емес тауарларына арналған техникалық регламенттерді бақылау басқармасының бас сарапшысы Дамир Тайғұлов айтты.
"Бекітілген қолданыстағы құжаттарда ойыншықтың бала санасына әсер етуі мүмкін зардабы туралы мәселе жазылмаған", – деді Денсаулық сақтау министрлігі Азық-түлік емес тауарларына арналған техникалық регламенттерді бақылау басқармасының бас сарапшысы Дамир Тайғұлов.
Қазақстан тұтынушылары республикалық қауымдастығы ЗТБ Төрағасының орынбасары Тұрсын Жағыпарованың пікірінше, бұған бірнеше фактор ықпал еткен.
"Кеден одағы құрылған кезде тауарларды стандарттау бойынша тәуелсіздіктен, техникалық регламенттен айырылдық. Уақыт жоғалттық", – деді сарапшы.