Санатәлі Төлтаев бокстан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті

626

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Санатәлі Төлтаев бокстан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті Фото: instagram.com/drs_kz

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан спортшы 1/32 финалда израильдік Ахмад Стивимен кездесіп, ұпай бойынша жеңіске жетті.

Осылайша Санатәлі Төлтаев әлем біріншілігінің 1/16 финалына шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбай (86 кг) Конго өкілі Натан Нландуды нокаутқа жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу