Санчес Головкин мен Альварес жекпе-жегіндегіне не кедергі екені белгілі болды

1393

Санчес Головкин мен Альварес жекпе-жегіндегіне не кедергі екені белгілі болды

Санчес Головкин мен Альварес жекпе-жегіндегі басты тосқауылды атады. Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG мен Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегін ұйымдастыруға не кедергі екенін айтып берді. Бұл турал Sports.kz-ке сілтеме жасап "ҚазАқпарат" хабарлайды.

"Олар рингке шығып, қолғап түйістірмейінше айқас болмайды. Бір жылдан кейін  немесе одан да аз уақытта бұл күн туады деп үміттенемін. Бұл айқасты көруді армандаймын. Канело – өте талантты боксшы. Мұны сөзбен айтып қана қоймай, іспен де дәлелдегені жөн. Ең бастысы, Канело мен Головкиннің келісім беруі, себебі бәріміз соларға жұмыс істеудеміз. Менің ойымша, жекпе-жектің ең басты тосқауылы Оскар (Де Ла Хойя), ол Канелоның Головкинді жеңетініне 100% сенімді емес. Канелоның өзі сенімді, ал Оскардың көзқарасы басқа.  Оған Канело өз қабілетін дәлелдесе ғана, тамаша жекпе-жек көре аламыз", – деп Boxingnews24.com бапкердің сөзін келтірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу