ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ экипажы санитариялық авиациямен науқас әйелді Екібастұздан Павлодарға жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әуе кемесінің бортында мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж әйел болған. Ол жедел түрде облыс орталығына жеткізіліп, кейін тиісті мамандарға тапсырылды.
Санитариялық авиация шалғай елді мекендердегі науқастарды медициналық көмек көрсету үшін қысқа уақытта облыс орталығына жеткізуге мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу