Санитарлардың жалақысын көтеру ұсынылды

3370

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысы өтті. Онда кеңес мүшесі Қайсар Тұрсынқожа өз ұсынысын айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Санитарлардың жалақысын көтеру ұсынылды

Ол тазалық жұмысын жүргізетін жұмысшылардың жалақысы аз екенін айтады.

"Осы орайда тазалық жүргізетін жұмысшылардың жалақысын арттыру мәселесін көтергім келеді. Дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы көтерілгені қуантады. Бірақ ауруханадағы ең ауыр лас жұмысты атқаратын санитарлардың еңбекақысын минимал деңгейге көтергенмен, қазіргі қымбатшылық жағдайында ол жетпейді. Нормативтік құжаттарды қайта қарау керек шығар", – деді Қайсар Тұрсынқожа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу