Білікті дәрігер мен фельдшерден тұратын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобильдік медициналық авиация бригадасы "Аlaman Air" әуекомпаниясының алғашқы жаңа Bombardier Challenger CL-600-2B19 ұшағымен пациентке Кореяға ұшып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бригада туа біткен жүрек кемістігі диагнозы қойылған 4 жасар баланы Сеул қаласынан (Оңтүстік Корея) Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығында одан әрі емдеу үшін Алматыға тасымалдауы тиіс.
Жаңа турбореактивті мамандандырылған ұшақ ауыр жағдайдағы пациенттерді алып жүруге арналған екі медициналық модульмен жабдықталған.
Бұл рейс қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ең жаңа әуе кемесін пайдалану арқылы адамдардың өмірін сақтаудағы маңызды қадам болды.
"Қазіргі заманғы борт ҚР бүкіл аумағы бойынша өңіраралық тоқтаусыз рейстерді, сондай-ақ ҚР пациент-азаматтарын шетелдік клиникалардан тасымалдау бойынша халықаралық рейстерді орындауға арналған", – делінген ДСМ таратқан хабарламада.