Жыл басынан 29 қазанға дейін санитарлық авиация мамандары 2240 пациентке медициналық көмек көрсетті, 2385 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде: 1827 пациенттерді тасымалдау (76,6%), 387 консультациялар (16,2%) және 1714 операция (7,2%). Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай-ақ, санитарлық авиация қызметі ем алуды отандық медициналық ұйымдарда жалғастыруы үшін шетел клиникаларынан еліміздің 12 азаматын жеткізді. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР санитариялық авиация қызметі алыс және жақын шетелдерден (Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және т.б.) Қазақстанның 52 азаматын тасымалдады.
Санитарлық авиацияның қызмет етіуінің (2011 жылдан бері) барлық кезеңінде 13 мың 155 ұшуды орындады, 18 082 пациентке медициналық көмек көрсетілді, донор ағзаларын тасымалдау үшін 70 ұшуды жүзеге асырды.