Шығыс Қазақстан облысының шет-шетіндегі санитарлық бекеттер алынады, деп хабарлайды inbusiness.kz altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 20 мамырдағы қаулысына өзгерістер енгізілді. Шығыспен шектесетін өңірлерде эпидемиологиялық ахуалдың оңалуына байланысты бүгіннен бастап Алматы және Қарағанды облысынан кіретін тұстағы санитарлық бекеттер алынатын болды.
Ал "Ауыл", "Үбе", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттерінде, Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөліктер кіріп-шығатын жолдарға қойылған 4 санитариялық бекет жұмысын жалғастыра береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу