Санитарлық гигиена мамандығына 200 грант бөлінді

801

Cанитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында кадр жетіспей жатыр. 

Санитарлық гигиена мамандығына 200 грант бөлінді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, қызметкерлердің жалақысы аз, ал жас мамандарға жағдай жасалмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бірнеше рет қайта құрылғандықтан, цифрлық технология жағынан да көш соңында келеді. 

"Өзіміздің ақпараттық жүйеміздің болмауы, компьютерлік техниканың әлсіздігі және байланыс сапасының төмендігі сынды мәселелер өзекті болып тұр", – деді Алексей Цой мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Министр кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу үшін 200 мемлекеттік грант бөлінгенін баяндады. 

"2020-2021 жаңа оқу жылынан бастап санитарлық гигиена мамандығы бойынша шәкірт тәрбиеленетін болды. Бұл үшін бакалаврға – 150, магистратураға – 50 грант бөлінді. Биыл денсаулық сақтау министрлігі оқу мерзімін қайта қарап, оны 4 жылдан 5 жылға ұзартуды ұсынды", – деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, 2025 жылға дейін мемлекеттік грант саны 400-ге жеткізіледі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу