Санитарлық қаулы: Алматыда карантин талаптары сақталады

685

Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. 

Санитарлық қаулы: Алматыда карантин талаптары сақталады

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеулерге қатысты жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, қалада бұқаралық іс-шараларға әлі де тыйым салынған. Сонымен қатар отбасылық меркелік шараларға да 10 адамнан артық қатысуға болмайды. 

"Бұқаралық шараларға шектеу сақталады. Атап айтқанда, караоке, түнгі клубтар, кинотеатрлар, фудкорт жұмыс істемейді. Заңды тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілер, ұйымдық-құқықтық нысандар қызметкерлердің 30% -ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек. Жолаушылар ағынын азайту мақсатында қоғамдық көліктің барынша көп шығуын қамтамасыз ету қажет. Аудан әкімдері мониторингілік топтардың жұмысын жандандыруы тиіс. Көпқабатты үйлердің кіреберістері мен балалар алаңдарын аптасына бір рет дезинфекциялау міндеттеледі", – деп жазылған құжатта.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу