Санитарлық қызмет Алматы мектептеріне 10 млн теңге айыппұл салды

1009

66 ұйғарым шығарылды.

Санитарлық қызмет Алматы мектептеріне 10 млн теңге айыппұл салды

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті COVID-19 бойынша шектеу іс-шаралары кезінде мектептердегі оқу үдерісін ұйымдастыруға мониторинг және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізді, деп жазды inbusiness.kz.

166 тексеру жүргізілді, оның ішінде 87 арнайы тексеру, 57 жоспардан тыс тексеру, 22 мониторинг топтарының құрамындағы іс-шара бар.

Тексерулер барысында мынадай заң бұзушылықтар анықталды:
- Қаланың 3 мектебінде сабақ арасындағы үзілістердің бекітілген ұзақтығы сақталмаған;
- 4 мектепте оқу жоспары күндізгі және аптадағы оқушылардың ақыл-ой әрекетінің динамикасын есепке алмай құрастырылған, 2 мектептің бастауыш сыныптарында қосарланған сабақтарға рұқсат етілген;
- Сыныптардағы жасанды жарықтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі, 19 мектепте жанып кеткен электр шамдары дер кезінде ауыстырылмаған;
 - 2 мектепте жиһаздар жартылай тозған, ауыстыруды қажет етеді.

Сондай-ақ дезинфекциялау режимін, желдету кестесін және басқа да профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды бұзу фактілері анықталды. 

Аталған заң бұзушылықтар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен 9 801 109 теңгеге 66 айыппұл салынып, 66 ұйғарым шығарылды. Мониторинг топтарының жұмыс нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың қарауына жіберілді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу