Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинте Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Спикер ораза кезінде алматылықтар карантин ережелерін елемей, қонаққа баруды әлі де жалғастырып жатқанын жеткізді.
"Көрсеткіштер бойынша алматылықтар індетті 25%-ға отбасы мүшелерінен жұқтырады. Ал көршілері, достарымен болған байланыстан жұқтыру 2,3-тен 2,6% - ға дейін өсті. Бұл өсімді ауызашар өткізумен байланыстырып отырмыз", - дейді Әсел Қалықова.
Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілі үйде ұжымдық іс-шаралар өткізуден бас тартуға шақырды.
Талдауға сүйенсек Алматыда коронавирус жұқтырудың ықтимал орындары базарлар – 10%, сауда нысандары-28%, қоғамдық тамақтану нысандарында 5%, қоғамдық көлікте жұқтыру-5,2% деңгейінде.
Басқа сауда нысандарында, дәріханаларда, медициналық мекемелерде, банктерде, пошталарда, ХҚКО-ларда, демалыс саябақтарында жұқтыру төмендеу үрдісі байқалады.
Бирифингті қорытындылай келе Әсел Қалықова Алматы тұрғындарын денсаулықтарына сақтықпен қарауға және вакцина алуға, сондай-ақ карантиндік шараларды, әсіресе, әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтауды жалғастыруға, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға шақырды.