Санитарлық норманы сақтамау бүкіл отбасының коронавирус жұқтыруына әкеледі

712

Жүкті әйелдің сәбиі де COVID-19-бен туған.  

Санитарлық норманы сақтамау бүкіл отбасының коронавирус жұқтыруына әкеледі

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қысықова онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

"Инфекцияның жаңа ошақтары байқалады. Бұл - отбасылық ошақтар, күн сайын біз ауруды жұқтырған отбасының екі немесе кейде 5-7 мүшелерінен вирус анықтаймыз. Отбасылық мерекелер өткізу кезінде індет жұқтырғандар байқалды, бұған мүлдем жол беруге болмайды", – деген Сәуле Қысықова жүкті әйелдің сәбиі де COVID-19-бен туған кездері болғанын айтады.

"Бұл жағдайда балаларды аналарынан бөлек ұстауға тура келді. Егер кейбір адамдар өз денсаулығын күтпесе де, жақындарын ойлауы тиіс. Тәжірибе созылмалы ауруы жоқ, дені сау адамның өзі коронавирустан қатты сырқаттануы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Ағза инфекциямен күресе алмаған соң жасанды желдеру аппаратына қосуға тура келді. Ешбір жағдайда өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды", – деді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу