Санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерлер саны артты

568

Оларға әкімшілік жаза көзделген. 

Санитарлық талаптарды бұзған кәсіпкерлер саны артты

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте
Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов осылай деп мәлімдеді. 

"Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін жауапқа тартылған кәсіпкерлік нысандардың саны 62%-ға артты. Олардың барлығы ҚР ӘқбК 425-бабы бойынша жауапқа тартылады. Бүгінде санитарлық талаптардың қатаң сақталуын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері кіретін мониторингтік топтар бақылайды. Егер кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласу деректері болса, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына - 1432 нөміріне шағымдануға болады", - деді Нариман Әбілшайықов. 

Сонымен қатар ол кәсіпкерлер әр ауданда ашылған қызмет көрсету орталықтарынан тегін кеңес алуға болатынын айтты. 

"Қазіргі кезде статистикалық есептілікке, заң саласына байланысты, маркетингтік қызметтер мен мемлекеттік сатып алу бойынша тегін көмек көрсетіледі. Бүгінде бизнес жоспар әзірлеуге сұраныс артқаны байқалады. Сондықтан бізде 7 маман жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін олар 4 млрд 3 млн теңгеге бизнес жоспар жазылды. Оның ішінде екінші деңгейлі банктер 801 млн теңгеге 64 жобаны мақұлданды", – деді қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу