Бұған Кубаның қаржы құрылымдарымен жұмыс істеген шетелдік банктің серіктестікті үзуі себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ салған санкциялар негізінен Куба экономикасының маңызды бөлігін бақылайтын мемлекеттік конгломератқа бағытталған.
Осы жағдайдан Испанияның Iberostar және Meliá қонақүй компаниялары Кубадағы 10-нан астам қонақүйді басқарудан бас тартқанын мәлімдеді. Канадалық Royalton Hotels & Resorts компаниясы да туризмнің төмендеуіне байланысты жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар никель мен кобальт өндіру саласында жұмыс істейтін Sherritt ірі канадалық компаниясы да өз қызметін уақытша тоқтатқан.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер Куба экономикасына қосымша қысым түсіруде. Қазір елде электр энергиясының тапшылығы, жанармай жетіспеушілігі, ұлттық валютаның құнсыздануы және халықтың шетелге жаппай көшуі сияқты мәселелер күрделене түскен.