Ол бұған тоқталуға әлі ерте екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БАҚ өкілі Санжар Жәркешовтен "Лукойл" компаниясы Қазақстандағы қай компанияларда үлесін ұстап отыр? Жалпы, ол үлестерді өзімізге сатып алу жоспарда бар ма?" деп сұрады.
Энергетика министрі орынбасарының сөзінше, мұндай мәселе әзірше талқыланып жатқан жоқ.
– Мұндай сұрақ қоюға әлі ерте деп есептеймін. Шын мәнінде "Лукойл" – "ҚазМұнайГаздың" серіктесі. Олардың "Қалам-Хазар" жобасы сияқты өз міндеттері бар. Бірақ, үлесті сатып алу немесе акционерлер құрамын қайта реттеу мәселесімен Энергетика министрлігі айналыспайды. Өйткені, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының шаруашылық мәселесі болып есептеледі. Сұрағыңызды соларға бағыттай аласыз, – деді вице-министр.
Еске салайық, 22 қазанда АҚШ санкциясына түскен "Лукойл" компаниясы өзге елдердегі үлесін жаппай сататыны туралы хабарлаған еді.