Euronews парсы қызметінің көрермендері Имам Хомейни әуежайынан еуропалық бағыттарға рейстердің тоқтатылуы туралы мәтіндік хабарламалар келгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әуежай Тегеран-Париж рейсінің тоқтатылғанын растады.
Жолаушыларға бұл ЕО-ның әуе компаниясына қарсы санкция жариялауымен байланысты екенін хабарлады.
Дүйсенбі күні Еуропалық Одақ Иранның жеке және заңды тұлғаларына қарсы жаңа шектеулер енгізіп, Iran Air, Mahan мен Saha әуе компанияларын санкциялар тізіміне қосты. Санкциялар Air N зымыран бағдарламасына қатысы бар компаниялар мен жеке тұлғаларға бағытталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу