Санкцияланбаған митингіге қатысқан 3 адам қамалды

989

Министр 1 наурыздағы митинг заңсыз ұйымдастырылғанын мәлімдеді.    

Санкцияланбаған митингіге қатысқан 3 адам қамалды

Үкімет отырысынна кейін журналистердің сұрағына жауап берген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 1 наурыз күні өткен санкцияланбаған митингіде полиция қызметкерлері 80-ге жуық адамды ұстағанын жариялады. 

"Бас прокуратураның бірнеше мәрте жасаған ескертуіне қарамастан, кеше азаматтардың бір бөлігі тыйым салынған экстремистік ұйым ұсынған орындарда санкцияланбаған митинг өткізуге тырысты. Сол үшін полиция қоғамдық тәртіптің бұзылуының  алдын алу шарасын атқарды. Осылайша ішкі істер органдарына, полиция органдарына 80-ге тарта азамат жеткізілді. Профилактикалық жұмыстардан кейін барлығы үйіне жіберілді. Төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Оның біріне айыппұл салынса, үшеуі қамаққа алынды. Олардың екеуі полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетсе, біреуі санкцияланбаған митинг ұйымдастырғаны үшін ұсталды", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Министрдің мәлімдеуінше, адамдар 3 сағаттан артық ұсталмаған. 

"Бізде бейбіт жиындар, шерулер мен демонстрациялар туралы заң бар. Ол жерде талап нақты жазылған. Бейбіт жиын өткізгісі келетін азаматтар атқарушы билік органдарына өтінім беріп, рұқсат алып, орны, уақыты мен келетін азаматтар санын айқындауы керек. Бұл жағдайда мұндай шаралар жасалмаған, өтінім берілмеген. Оның үстіне Бас прокуратураның 1 наурызға байланысты ескертпесі бар. Сондықтан жиын заңсыз болды", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу