Санкцияларға қарамастан екі ай ішінде ресейлік байлар жақсы табысқа кенелді

652

Bloomberg Billionaires Index немесе Bloomberg ұсынған "Миллиардерлер индексі" 2023 жыл басталмай жатып ең бай ресейліктердің жиынтық табысы артқанын жазады.  

Санкцияларға қарамастан екі ай ішінде ресейлік байлар жақсы табысқа кенелді Фото: delo.ua

Агенттіктің мәліметінше, ресейлік төлқұжаттарға ие байлардың табысы осы жылдың екі айында 10,4 млрд долларға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бәрінің арасында ерекше көзге түскен -  "Лукойл" компаниясының басшысы және негізгі иесі Вагит Алекперов. Ол 17,8 миллиард доллар жиынтық байлыққа дейін 2,43 миллиард доллар тапты.

"Северстальдың" негізгі акционері Алексей Мордашов та байып, 1,54 млрд доллар табыс тапты.

Ең бай ресейліктердің активтерін талдау дивидендтердің құнына, инсайдерлік операцияларға және басқа нарықтық көрсеткіштерге негізделген.

Аталмыш "Миллиардерлер индексіне" сәйкес, 1 наурыздағы жағдай бойынша "Норникельдің" басшысы Владимир Потанин 28,5 миллиард долларлық байлығымен көш бастап тұр. Одан кейін "Новатек" басшысы 25,1 миллиард доллармен Леонид Мишельсон тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу