Санкцияларға қарамастан Ресейдің мұнай-газ кірісі биыл 56,2 пайызға өсті

260

2024 жылдың қаңтар-тамызында Ресей бюджетіне 7,55 трлн рубль көлемінде мұнай-газ кірісі түсті.

Санкцияларға қарамастан Ресейдің мұнай-газ кірісі биыл 56,2 пайызға өсті Фото: Pixabay.com

Осы жылдың қаңтар-тамызында Ресей федералдық бюджетінің мұнай-газ кірісі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56,2 пайызға - 7,55 трлн рубльге дейін өсті. Бұл туралы Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің сайтында айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ресейдің Федералды бюджетінің мұнай-газ емес кірістері 2024 жылдың қаңтар–тамызында 27,3 пайызға – 15,47 трлн рубльге дейін өсті.

Алдын ала бағалау бойынша, 2024 жылдың қаңтар-тамызында федералды бюджеттің кірісі 23 029 миллиард рубльді құрады. Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында федералды бюджеттің шығындары 23 360 миллиард рубльді құрады.

Қаржы министрлігінде мұнай-газ кірісінің өсуі Ресей мұнай бағасының өсуімен байланысты.

"Бұл ретте мұнай-газ кірістерінің түсімі олардың базалық мөлшерінен асатын деңгейде қалыптасты және әлеуметтік - экономикалық даму болжамының параметрлеріне сәйкес келесі айларда мұнай-газ кірістерінің түсімдері олардың базалық деңгейінен тұрақты түрде асып түседі деп күтілуде", - делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу