Санкт-Петербор, Баку мен Киевтегі Алматының жарнамасына 101 млн теңге бөлінбек

827

Лотты әкімдікке еншілес "Алматы туристік ақпараттық орталығы" ЖШС жариялады.

Санкт-Петербор, Баку мен Киевтегі Алматының жарнамасына 101 млн теңге бөлінбек

Техникалық спецификацияда орындаушы тарап тапсырыс беруші мен аудиторияның мақсаты мен мүддесін нақты түсіне отырып, Алматы брендін дамытуға тиіс деп көрсетілген. Сонымен қатар туристік нарықтың тенденцияларын нақты түсіну де міндеттелген, деп хабарлады inbusiness.kz.  

Жарнама науқанын бастамас бұрын тапсырысты орындаушы алға қойылған міндеттерге сүйене отырып, Алматы брендін ұйымдастыру және насихаттау бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жоспарын құруы керек. 

Атап айтқанда оған мыналар кіреді: жарнамалық ақпарат құралдарының мысалын қолдана отырып, шығармашылық стратегия әзірлеу; байланыс арналары мен құралдар бойынша ұсыныстарды қамтитын коммуникациялық стратегия әзірлеу.

Осылайша Алматы қаласы туралы баннерлік жарнамаларды жақын және алыс шетелдердегі кем дегенде 3 әуежайда орналастыру жоспарлануда. Оның басты мақсаты шаһардың халықаралық деңгейде танымалдығын арттыру. 

Баннерлердің бірі, дәлірек айтақанда лайтбокс Пулково әуежайының (Санкт-Петербор) негізгі терминалындағы ұшу аймағында орналасуы керек. Статистикалық баннердің көлемі кемінде 6х2 метр болуы шарт. Ал орналастыру ұзақтығы кемінде 1 ай. 

Келесі баннер Бакудағы Гейдар Әлиев әуежайының ұшу аймағында, оның ішінде ұшып келу аймағында, жалпы залда және багаж аймағындағы экрандарда орналастырылуы керек. Экрандар саны кем дегенде 19 болуы шарт. Жарнама айына кемінде 1300 рет көрсетіліп, бір рет жолаушылар назарына ұсынылғанда 20 секунд тұруы маңызды. Бұл баннерді де орналастыру ұзақтығы кемінде 1 ай. 

Үшінші баннер Киевтің Борисполь халықаралық әуежайында орналастырылады. Жарнама кемінде 32 дюйм болатын экрандарына көрсетіледі. Ол экрандар саны кемінде 150 дана болуы керек. Жарнамалық баннер D және F терминалдарына күніне 70 рет көрсетілуі шарт. Мұндағы бір жарнаманың ұзақтығы кемінде 10 секунд, ол жалпы саны 8568 рет көрсетілуі тиіс. Орналастыру ұзақтығы кемінде 1 ай. 

Сонымен қатар тапсырыс беруші жолаушылар пойыздарын брендтеуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Киевтегі "Қалааралық", Мәскеудегі "Аэроэкспресс" пойыздарына Алматыға қатысты суреттер жабыстыру. Брендинг мерзімі - кемінде 3 ай. Сонымен қатар, Баку, Ташкент және Мәскеу метрополитендерінде жарнама орналастыру жоспарланған. 

Өтініштерді қабылдау 16 сәуірде басталады. 

Айта кететіні, "Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы" ЖШС Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы қаулысына сәйкес, жарғылық капиталға 100% мемлекеттің қатысуымен құрылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу