Бұған Flightradar сервисінің деректері дәлел бола алады, деп жазады inbusiness.kz.
Сервис картасы Пулково әуежайында екі азаматтық рейс күту режимінде тұрғанын көрсетті. Мәскеуден Санкт-Петербургке бет алған ұшақ кері бұрылды. Қала көгіне жойғыштар ұшырылды.
"112" телеграмм-арнасы жазғандай, Пулково әуежайы белгісіз әуе нысанына байланысты жабылды. Әскери немесе құтқару ұшақтарын басқа барлық әуе кемелерін дереу отырғызуды немесе осы аймақтан шығаруды көздейтін "Кілем" жоспары енгізілді.
"Рен-ТВ" Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайы аймағындағы әуе кеңістігі 200 км радиуста жабылғанын хабарлап, қазір тәртіп бұзушыны іздеу шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді.