"Жедел деректер бойынша, Санкт-Петербургте кафеде болған оқиға салдарынан 30 адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды", - деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.
Зардап шеккендердің 24-і Санкт-Петербург медициналық мекемелеріне жеткізілді. Тағы алтауы оқиғадан кейін өздері дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Зардап шеккен алты адамның жағдайы ауыр деп бағаланды, ал қалғандарының хал-жағдай орташа деңгейді, кейбірі жеңіл жарақаттанған.
Жексенбіде Санкт-Петербург университетінің жағалауындағы кафеде жарылыс болды, салдарынан соғыс тілшісі Владлен Татарский қаза тапты.
ТК болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, блогердің өліміне оған гипстен жасалған мүсінді берген әйелдің қатысы бар болуы мүмкін.