Санкт-Петербургте 5 адамнан маймыл шешегі анықталды

362

Науқастардың жағдайы тұрақты.

Санкт-Петербургте 5 адамнан маймыл шешегі анықталды Фото: Shutterstock/FOTODOM / Rumaisha Project

16 қазанда Санкт-Петербургте ауруханаға түскен 5 науқастан маймыл шешегі расталды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

С.П.Боткин атындағы клиникалық инфекциялық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

"Маймыл шешегі расталды. Науқастар ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты, орташа және жеңіл ауырлық дәреже", – деп хабарлады аурухана өкілі.

Бұған дейін Санкт-Петербург пен Ленинград облысы бойынша Роспотребнадзордың өңіраралық басқармасы Санкт-Петербургте маймыл шешегі деген күдікпен бес адамның ауруханаға жатқызылғанын мәлім етті. Эпидемияға қарсы іс-шаралардың толық кешені қолға алынған. Науқастармен байланыста болған тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне байланысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз. Шекарадағы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу