Санкт-Петербургте белгісіз біреу полиция қызметкеріне оқ жаудырды

486

Тәртіп сақшысы жарақат алды.  

Санкт-Петербургте белгісіз біреу полиция қызметкеріне оқ жаудырды Фото: eadaily.com

Санкт-Петербургтің орталығында белгісіз біреу арнайы мақсаттағы мобильді жасақ (АММЖ) қызметкерін атқан Бұл туралы Жергілікті Телеграмм-арналар хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың мәліметтері бойынша, оқиға Санкт-Петербургтің орталығында "Гостиный двор" метро станциясының кіреберісінде болған. Ішіне оқ тиген 50 жастағы қауіпсіздік қызметкері ауруханаға жатқызылды. Шабуылдаушы көп ұзамай ұсталды.

Ресей ТБ баспасөз қызметі оқиға туралы ақпаратты растады. АММЖ қызметкеріне шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Ресей ТБ-ның Санкт-Петербургтегі бас тергеу басқармасы 1972 жылы туған ер адамға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 317-бабында (құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.

Ведомство шабуылдаушы ІІМ өңірлік басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұсталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу