Санкт-Петербургте ҚР жаңа бас консулы тағайындалды

984

Санкт-Петербургте ҚР жаңа бас консулы тағайындалды

ҚР сыртқы істер министрінің бұйрығымен ҚР Санкт-Петербургтегі бас консулы болып Болат Бариұлы Иманбаев тағайындалды, деп хабарлайды kazembassy.ru.

Бұған дейін ол ҚР Ресейдегі елшілігінде кеңесші-уәкіл қызметін атқарды.

Болат Иманбаев 1990 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ бітірген.1992 жылдан – Қазақстан СІМ жүйесінде еңбек етеді. ҚР СІМ Астана қаласындағы консулдық пунктінің басшысы, Ақмола облысы бойынша сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің төрағасы болды, ҚР Литвадағы, Германиядағы елшіліктерінде еңбек етті, ҚР СІМ көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, ҚР СІМ халықаралық экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің директоры, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу