Санкт-Петербургтегі дауыл кезінде кем дегенде екі адам қайтыс болды

195

1 шілдеде Санкт-Петербургтің кейбір аудандарында нөсер жауып, желдің екпіні секундына 31 метрге жеткен. 

Санкт-Петербургтегі дауыл кезінде кем дегенде екі адам қайтыс болды Фото: Российская газета

Салдарынан ағаштар құлап, үйлердің шатырлары ұшып кетті.

Санкт-Петербургтегі ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккендердің саны екі адамға дейін өсті, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

11 жасар баланың басына Малая Охтадағы Шаумян даңғылында ағаш құлап, жәбірленуші ауруханада қайтыс болды. Осылайша дауылдан екінші адам қаза тапты. 

Ал Мәскеу ауданында ағаш 36 жастағы әйелге құлады, ол сол жерде қайтыс болды. Қазір адам өлімінің осы екі жағдайы бойынша тексеру ұйымдастырылды, деп хабарлады бүгін қалалық тергеу комитетінің басшысы. Аудан прокурорлары да жұмысқа қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу