Санкт-Петербургтен велосипедпен шыққан саяхатшылар Астанаға жетті

854

Санкт-Петербургтен велосипедпен шыққан саяхатшылар Астанаға жетті

Еуропаның егде адамдары велосипедпен 10 мың шақырымды жүріп өтпекші. Осы мақсатта олар шілденің басында Санкт-Петербург қаласынан шыққан болатын. Бүгін Астанаға келіп жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Арнайы топ 22 адамнан тұрады және олардың арасындағы ең жасы 57-де екен. Басым бөлігі – Швейцария, Германия және Австрия азаматтары.

"Түпкі мақсатымыз – Владивостоккқа жету", – дейді олар. Ол үшін Қазақстанның Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстырын басып өтеді. Жолдың жалпы ұзындығы 10 мың шақырымды құрайды және оны бағындыру үшін күніне 150 шақырымнан 3 ай бойы тоқтаусыз жүріп отырады.

"Менің жасым 75-те. Соған қарамастан, велосипиедке отырып, сапарға шықтым. Өйткені Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінде бұрын болмап едім. Енді соның сәті түсіп тұр. Қазақ даласы өзінің кеңдігімен және сұлулығымен таңқалдырды", - дейді әуесқой велошабандоз Вальтер Глацман. .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу