Ресейдің Санкт-Петербург қаласының орталығындағы Сенная алаңында Ингушетияның екі тұрғыны арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Невские Новости" басылымына сілтеме жасап.
Ер адамдар арасындағы жанжалдың арты атысқа ұласып, салдарынан олардың біреуі жарақат алды. Зардап шеккен адам дереу ауруханаға жеткізіліп, хирургиялық бөлімге орналастырылды. Оның саусауғы сынып, кеудесіне оқ тиген.
Әзірге екінші адам туралы ақпарат жарияланбады. Тәртіп сақшылары осыған қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тамыздың басында Мәскеу маңындағы Мытищиде жаппай төбелес болған еді. Қақтығысқа 40 мигрант қатысқаны хабарланды. Тәртіпсіздікті ұйымдастырғандардың бірнешеуі жарақат алған болатын.
Табиғат Нұрболат