Sanlam Cape Town-2020 онлайн форматта өтеді

576

Марафон Virtual Marathon қосымшаcының көмегімен жазылып, қадағаланатын болады.

Sanlam Cape Town-2020 онлайн форматта өтеді

Оңтүстік Африка республикасында Sanlam Cape Town-2020 марафоны онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұйымдастырушылар марафонды жаңа форматта өткізіп, жаңа деңгейге көтеретіндерін мәлімдеді.

Марафон Virtual Marathon қосымшаcының көмегімен жазылып, қадағаланатын болады. Әр қатысушы оны сол қосымшаны қолданып, өз нәтижелерін жазып алады және басқа қатысушыларды бақылайды.

Қатысушыларға марафонның шынайы атмосферасын сезіндіру үшін ұйымдастырушылар қосымшаға көптеген функцияны қосқан. Мәселен, 5 км қашықтықты бағындырған соң сауда алаңдарындағы сатушылар дауыстары мен мұхит жағалайындағы ерекше толқын дауыстары естілетін болады. 14,1 шақырымға жеткенде Нобель сыйлығының лауреты Нельсон Манделаның түрмеден шыққаннан кейін бірінші рет халыққа үндеу тастаған сөзін тыңдайды.

Марафон 18 қазанда жергілікті уақыт бойынша 6: 00-ден 10: 00-ге дейін өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу