Sanofi-Aventis Kazakhstan фармацевтикалық компаниясы Қазақстандағы лауазымды тұлғаларға төлеу жасаудан 11,5 млн доллардан астам пайда тапты. Бұл туралы АҚШ-тың құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы баспасөз-қызметінің abctv.kz-тың сауалына берген жауабында айтылған.
SEC құжаттамасына сәйкес, 2007-2011 жылдары Sanofi-Aventis Kazakhstan-ның басқарушы менеджерлері мемлекеттік органдардағы тендерлік тапсырыстарды бөлуге жемқорлық арқылы әсер ету үшін, шетелдік лауазымды тұлғаларға пара беруге қатысқан.
Agence France-Presse газетінің жазуынша, Sanofi сондай-ақ Иордания, Ливан, Бахрейн, Кувейт, Катар, Йемен, Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінде де осындай әрекетке барған.
Әзірге компания ақпаратты растаған жоқ, жоққа да шығармады.