Санжар Досжанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

570

Күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті.

Санжар Досжанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды Фото: t.me/Madeniet_zhane_sport_ministrligi

Күрестен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz 

Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Досжанов алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол өзбекстандық спортшы Зафарбек Отахоновты жеңді. Ұпай саны – 2:0 біздің палуанның пайдасына.

Бұл Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының төртінші алтыны. Айта кетейік, бұған дейін Жәмила Бақбергенова, Эльмира Сыздықова және Ибрагим Магомадов құрлық чемпиондары атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу