Сапарбаев Қордай ауданында түнгі қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін тексерді

1082

Елордадан барған Үкімет комиссиясы жергілікті жердегі жағдайды бақылау үшін Қордай ауданында қалады.  

Сапарбаев Қордай ауданында түнгі қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін тексерді

Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сенбі күні түнде Бердібек Сапарбаев Сортөбе, Масанчи, Қаракемер, Қарасу елді мекендерін аралап шықты. Сонымен қатар вице-премьер Қарасу және Сортөбе шекара пункттерінің, оның ішінде сантариялық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмыс барысын тексерді.

Б. Сапарбаев аудандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының жеке құрамымен сөйлесті.

Елді мекендердегі жағдай бірқалыпты. Күндіз жергілікті тұрғындарға енді тәртіпсіздіктің болмайтыны, жағдайдың бақылауда екені айтылған болатын.

Көшелерде адамдар мен машиналар жоқ, ауылдардың арасында да еш қозғалыс байқалмайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу