Сапарбаев күрд диаспорасы қақтығыс шығарған ауылды мақтады

594

"Қасқабұлақта бір де бір тұрғын атаулы әлеуметтік көмек алмайды". 

Сапарбаев күрд диаспорасы қақтығыс шығарған ауылды мақтады

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысындағы Қасқабұлақ оқиғасы туралы пікір білдірді. "Кілең күрдтер тұратын Қасқабұлақ ауылындағы жағдай туралы не ойлайсыз" деген сұраққа әкім кеңінен толғап жауап берді.  

"Қасқабұлақтағы оқиға туралы мәлімет берген болатынбыз. Бір жанжал шыға қалса, ұлттық деңгейге көтеріп шыға келеміз. Екі ұлттың арасынан от іздейтініміз жаман. Оқиға болған кезде бірден шаралар қабылдадық. Арнайы органдар жұмыс істеді. Терезені сындыру, көлік бүлдіру деген сияқты шығындар ғана болды. Кейбір тәртіп бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылып, айыппұл салынды. Халықпен кездестік. Тәртіп бұзған азаматтардың ата-аналарымен де біраз әңгіме болды. Ол ата-аналар кешірім сұрады. Одан кейін мен Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының басшысын шақырып, екеуміз Қасқабұлақ ауылында, Родиково елдімекенінде тұрғындармен кездесулер өткіздік. Шағымданатын ешқандай сұрақ болмады. Тұрғындар тату-тәтті өмір сүріп жатыр деуге болады. Қасқабұлақта мен 2-3 рет болдым. Шынын айтсам, өнеге жасайтын ауылдың бірі. Өте тәрбиелі ауыл деп айтуға болады. Соңғы 10 жылдың ішінде бір де бір ажырасу, бір де бір қылмыс тіркелмеген. Ең негізгісі, бәрі жұмыс істейді. Бір де бір адам атаулы көмек алмайды", - деді әкім.

Есжан Ботақара
Фото: aqjolgazet.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу