Сапардан бас тарту, шұғыл жиын: Израиль тосын әрекеттерге көшті

188

Әзербайжанға жоспарлаған сапарынан бас тартқан Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеше қауіпсіздік мәселесі бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, Газа секторына кеңейтілген шабуыл жоспарын талқылаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сапардан бас тарту, шұғыл жиын: Израиль тосын әрекеттерге көшті Фото: m24.ru

Бұл жоспар бойынша резервтегі әскерді мобилизациялау қажет болатыны айтылды. Израиль БАҚ-тарының хабарлауынша, бұл түбегейлі пысықталған жоспар, себебі Израиль кепілдікте отырған қалған адамдарды босатқысы келеді.

Сарапшылардың болжамынша, жаңа шабуылдар Дональд Трамптың өңірге 13-16 мамыр аралығындағы сапарына дейін бола қоймайды. Ал БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер бойынша басқармасы Израиль шабуылдары салдарынан Газаның барлық аймағында бейбіт тұрғындар мерт болып жатқанын хабарлады.

Газаның Азаматтық қорғаныс агенттігі жұма күні жасалған Израиль соққылары салдарынан Палестина аумағында кемінде 42 адамның көз жұмғанын жеткізді.

Израиль осы аптада Сирияға да жойқын соққылар жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу