Сапархан Омаров "Kaz Oil – 2019" конференциясына қатысты

1069

АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея, Еуропа және ислам мемлекеттерінен 200-ден астам май өнімдерін өңдеушілер қатысты.  

Сапархан Омаров "Kaz Oil – 2019" конференциясына қатысты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров "KazOil - 2019" III Халықаралық конференциясы жұмысына қатысып, баяндама жасады, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.

Конференция жұмысының ашылуында сөз сөйлеген Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, Қазақстан майлы дақылдардан шикізат пен дайын өнімді өндіру және экспорттау саласында елеулі еңбек етіп жатқанын айтып, министрлік тарапынан аталмыш саланы қолдауды тұрақты түрде жалғастыратынын атап өтті.

"Соңғы 10 жылда майлы дақылдар алқабының көлемі 2,5 есеге өскен. Өсім зығыр алқаптары 5 есеге, соя алқаптары - 2 есеге, сафлор майының - 39 пайызға кеңейту нәтижесінде қол жеткізген. Тұрақты сұраныстың арқасында майлы дақылдардың экспорты жыл сайын артып келеді. Бүгінде біз майлы дақылдардың 40 пайызын шикізат түрінде экспорттаймыз. 2018 жылы шикізат экспортының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 21,6 пайызға, 2016 жылмен салыстырғанда 73,4 пайызға өсіп, 1 млн. тонна құрады"- деді С. Омаров.

Бүгінде республикада жалпы қуаты жылына 2,0 млн.тонна майлы дақылдарды өңдейтін 52 кәсіпорын бар. Ағымдағы жылдың 9 айында тазартылған және тазартылмаған майлардың өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,4 пайызға артып, 343,5 мың тоннаны құрады. Соңғы 5 жылда тазартылмаған зығыр майын өндіру 34 есеге артқан.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы уақытта негізі дайын өнімдерді экспорттау міндеті тұрғанын, осы мәселені шешу үшін тыңайтқыштарға, тұқымдар мен гербицидтерге жеңілдетілген кредит беріп, сондай-ақ, субсидияларды қаржыландыру арқылы аталмыш саланы қолдауды жалғастыранын айтты.

Әлемдік және отандық май нарығының жетекші компаниялары, бизнес және аграрлық ғылым саласының өкілдері бас қосқан конференцияның негізгі мақсаты бүгінгі май нарығының даму үрдістері мен ерекшеліктері,  саладағы нарықтың соңғы жаңалықтары, өзара сауда саттықтың көлемін ұлғайту және т.б. мәселелерді талқылау болып табылады.

Конференция бағдарламасы үш негізгі сессиядан тұрады: "Қазақстанның май саласын дамытудың қазіргі жағдайы және болашақтағы дамыту стратегиясы", "Май және қайта өңдеу нарығының 2019/2020 жылғы перспективалары" және "Май дақылдары өндірісінің болашағы".  Сондай-ақ "Қазақстан әлемдік май дақылдары нарығының негізгі үрдістері, тұтыну нарықтары" атты пікір-талас алаңы жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу