Сапархан Омаров мақта бағасы мәселесін үкіметте көтеретінін жеткізді

1444

Түркістан облысында мақтаға нақты баға бекітілмей отыр.

 Сапархан Омаров мақта бағасы мәселесін үкіметте көтеретінін жеткізді

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы зауыттар мақтаның тоннасына 100 мың теңгеден аванс беріп жатыр. Алайда әлі күнге дейін нақты баға бекітпеген, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Ауылшаруашылығы министрі мен облыс әкімі осы мәселені шешу үшін  "Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-де ауданның мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізді. Жиында мақта шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланып, облыс әкімдігі тарапынан тиісті ұсыныстар енгізілді.

Бұл ретте, Сапархан Омаров айтылған ұсыныстарды алдағы уақытта үкімет деңгейінде көтеретінін, мәселе оң шешімін табылатындығын айтты. Өмірзақ Шөкеев те шитті мақтаға баға алдағы күндерде тұрақтайтындығын, шаруалардың сұраныстары бойынша тиімді баға бекітілетінін жеткізді.

Ал, зауыт басшылары мақта бағасын бекіту үшін 3 күн мерзім сұрады.

Жалпы биылғы жылы облыста 131 мың га мақта егеліп, 340 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарлануда. Оның 320 мың тоннасы жиналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу