Сапасыз атқарылған құрылыс үшін қазынадан қосымша қаражат бөлінді
24 Қараша 2020 23:06 195

20 млн теңгеге тоғыз қабатты үйдің қабырға қаптамалары жамалатын болады. Соттың шешімі бола тұра жергілікті биліктің құрылыс компаниясынан қалпына келтіру жұмыстарын неге талап етпегені әлі де түсініксіз. Осылайша, мердігер компанияның олқылықтарын бюджет қаражаты есебінен толтырғалы жатыр.