Сапасыз интернет үшін байланыс операторлары 271 млн теңге айыппұл төледі

623

Сапасыз интернет үшін еліміздің байланыс операторлары шамамен 271 млн теңге айыппұл төледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сапасыз интернет үшін байланыс операторлары 271 млн теңге айыппұл төледі Фото: gov.kz

"Интернеттің сапасына қатысты біздің министрлік байланыс операторларының жауапкершілігін күшейту жұмысын жүргізіп жатыр. Мендегі бар ақпарат бойынша шамамен 271 миллион теңге айыппұл төленді. Заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар байланыс сапасының параметрлері бекітілді. Интернет сапасына қатысты мәселе туындаса "Е-өтініш" жүйесі арқылы біздің министрліктің байланыс комитетіне жүгінуге болады. Содан соң біздің маман тексереді. Егер интернеттің сапасыздығы расталса, онда тиісті айыппұл салынады. Бүгінгі таңда операторлармен осындай жұмыс жүргізілуде", – деді Әсет Тұрысов.

Вице-министрдің айтуынша, байланыс операторларының жұмысына қатысты қатаң шаралар қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу