Бағдат Мусин: Сапасыз интернет үшін байланыс операторларына 140 млн теңге айыппұл салынды

1661

Ол операторлар өз қатесін мойындай бастағанын жеткізді.

Бағдат Мусин: Сапасыз интернет үшін байланыс операторларына 140 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылы Қазақстанда сапасыз интернет үшін байланыс операторларына шамамен 140 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша байланыс операторларының жұмысына тексеріс жүргізілген.

"2019 жылы байланыс сапасының 50%-ы тексерілді, ал 2021 жылы сол құраммен 560 тексерік жүргіздік. 2019 жылы байланыс операторларына шамамен 15 млн теңге айыппұл салынса, 2021 жылы бұл көрсеткіш шамамен 140 млн теңге болды, яғни көрсеткіш 10 есе өсті", – деді министр есеп комитетінде өткен отырыста. 

Сондай-ақ Бағдат Мусин байланыс операторлары қандай ауылдарда байланыс жоқ екенін министрлікке айта бастағанын атап өтті.

"Есептерге сәйкес, 2022 жылы олар 200 ауылда ұялы байланыс пен интернет бар деп есеп берді. Бірақ енді байланыс операторлары бұл ауылдарда интернет жоқ деп мойындап отыр. Себебі олар өтірік айтқаннан гөрі қатені мойындау жеңіл екенін түсінді. Олай болмаған жағдайда біз елді аралап, қай жерде сапасыз интернет бар екенін анықтаймыз ғой", – деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу