Сенат отырысынан кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин журналистердің интернет сапасы үшін байланыс операторларына салынатын айыппұлдар туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жыл басынан жаңа айыппұлдар енгізілгеннен қыркүйек айына дейін 700-ге жуық тексеріс жүргізіліп, 180 млн теңгеге айыппұл салынды", - деді спикер.
Қыркүйектен бастап депутаттардың шешімімен, айыппұл көлемі 10 есе өсті. Енді қайталама бұзушылық үшін айыппұл 1500 АЕК-ті құрайды, ал бұрын 150 АЕК болатын.
"Сәйкесінше, қыркүйек айынан бүгінге дейін 300-ге жуық тексеру жүргізіліп, оның негізінде 300 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Яғни, бақылау шараларын күшейтіп, бірқатар заңнамалық бастамалар ұсынатын боламыз", - деп түйіндеді министр.