Сапасыз оқулық авторларын жауапқа тартуды заңмен бекітеміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

840

Мектеп оқулықтары ақысыз электронды нұсқаға көшірілетін болды.

Сапасыз оқулық авторларын жауапқа тартуды заңмен бекітеміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулық дайындағандарды заңмен жазалау тетіктерін әзірлеуді тапсырды. 

"Оқулық сапасы да үнемі айтылып жүр. Білім сапасы оқулық сапасына байланысты екені – аксиома. Сондықтан оқулық дайындау мен оның сынақтан өткізу тәсілін түбегейлі өзгерту қажет. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің міндеті. Мен тіпті басым бағыттағы міндеті дер едім. Біздегі оқулықтардың деңгейі өте төмен. Сондай-ақ, оқулық әзірлеушілердің сапа үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыда бекітуді тапсырамын. Оқулық дайындадың ба, ол өмірге еніп кете алмады ма? Әзірлеген адам тиісті жауапкершілік арқалауы керек. Басқалай мүмкін емес", – деген Мемлекет басшысы тиісті министрлікке қашықтан оқудың толыққанды жүйесін жеделдетіп құруды жүктеді. 

"Карантин мен оқшаулау режимі бізде қашықтан оқытудың  жұмысқа қабілетті толыққанды жүйесі әзірге жоқ екенін көрсетті. Мұндай дағдарыстар қайталануы мүмкін. Сондықтан жеделдетілген тәртіппен  қашықтан оқыту мәселесін заңнамалық және әдістемелік, ұйымдастыру тұрғысынан реттеу керек. Қашықтан оқыту жүйесіне көшудегі басты құралдың бірі электорндық оқулықтар. Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңмен цифрлық форматқа көшірудің жоспарын дайындауыға тиіс. Ведомство мұндай оқулықтарды ақысыз пайдалану құқығы қамтамасыз етуі керек", – деді ол.  

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу