23 қазанда Талдықорған қаласының сотында "Береке" коттедж қалашығының сапасыз құрылысы барысында бұзушылықтарға жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты үкім шығарылды.
Осыған дейін хабарланғандай, Жетісу облысының прокурорлары аталған нысанды салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру жүргізген.
Прокурорлық тексеруді бастауға бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет құрылысы аяқталмаған үйлер туралы жарияланымдар себеп болды.
30 қыркүйекте жергілікті атқарушы орган 25 үйдің кілтін көп балалы отбасыларға берді.
Жақын арада тағы 11 үй беру жоспарлануда.
Сот үкімімен мердігер ұйымның басшысы, құрылысты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияның жұмыскерлері және тапсырыс беруші - "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" ММ-нің лауазымды тұлғалары Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 361-баптың 4-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, жазаның әртүріне сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.