Қазақстанде вакцина өндірісіне лицензияларды қайтарып алу үшін заңнамаға түзетулер енгізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында ҚР Ауыл шарауашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Сапасыз вакциналарды өндіру себептерінің бірі екпені қысқа мерзім ішінде жеткізуге байланысты болып отыр. Мәселен, министрлік жариялаған конкурстың нәтижесі бойынша өндіруші вакцинаны келісім жасалған сәттен бастап 15 күннің ішінде жеткізуге міндетті болды. Алайда, бұл өндіру технологиясын сақтауға мүмкіндік бермеді. Ол үшін кем дегенде екі жарым ай уақыт керек. Проблеманы шешу тұрғысында конкурстық құжаттама өзгертіліп, жыл сайынғы конкурстық рәсімдерді қаңтардың бірінші онкүндігінен кеш бастамау туралы шешім қабылданды. Бұрындары бұл шаралар сәуірде өткізілетін",-деді Айтуғанов Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелерімен кездесу барысында.
Оның сөзіне қарағанда, заңнамада ветеринарлық препараттардың өндірушілерінен лицензияларды қайтару тетігі реттелмеген. Қазіргі кезде лицензиялар мерзімсіз, яғни олардың мерзімі шектелмеген. Сонымен қатар лицезияларды қайтару үшін негіздемелер ескертілмеген. Осыған байланысты заңнамада тиісті негіздерді қарастыратын өзгертулер енгізіліп отыр.