Сапасыз жол үшін 111 компанияға 58 млн теңге айыппұл салынды

653

Қазір айыппұлдың 36 млн теңгеден астамы өндірілген. Ал төленбеген айыппұл бойынша, сотқа талап-арыз жолданған.

Сапасыз жол үшін 111 компанияға 58 млн теңге айыппұл салынды

Шымкентте сапасыз жол салған 111 компания, əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өз міндеттерін толық орындамаған мердігер компанияларға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Atameken Business.   

Жауапкершілікке тартылғандардың арасында, техникалық бақылаушылар мен авторлық қадағалаушы мекемелер де бар. Жалпы тексеру кезінде олардың басым бөлігі, кепілдік мерзімі бойынша кеткен кемшіліктерді уақытында жоймаған, келісім шартта көрсетілген міндеттерін орындамай, сапаға салғырт қарағандары анықталды.

Еске салып өтейік, биыл қала көшелеріндегі 190 нысанда 350 шақырымнан астам жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу