Сапасыз жөнделген және салынған жолдарды қабылдамаймыз – Алтай Көлгінов

1056

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың мәлімдеуінше, елорда да жол жөндеуге, салуға, қоғамдық көлікке арналған жол желісін кеңейтуге және веложол құруға басымдық беріледі.  

Сапасыз жөнделген және салынған жолдарды қабылдамаймыз – Алтай Көлгінов

Биыл бас шаһарда 100-ден астам көшеде жөндеу жұмысы жүреді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала басшысының сөзіне сілтеме жасап.

"Өткен жылдағыдай қаланың ескі бөлігі мен елдімекендерге ерекше назар аударамыз. Қазір Ю.Малахов, Космонавтов, М.Төлебаев, М.Горький көшелерінде, Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейін, Ж.Жабаев көшесінен Т.Мұсабаев көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүріп  жатыр. Бұған дейін 37 көшеде осындай жұмыс атқарылды", – деді Алтай Көлгінов. 

Әкімнің айтуынша, Түркістан көшесінің бойындағы бөлу жолағы (Ұлы дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) қайта жөнделеді. Бұл жол 4 жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейеді. Жазда Bus Lane жолағын іске қосылады. 
"Осы учаскеде саябақ пайда болады. Былтыр бөлу жолағы Мәңгілік ел даңғылы бойынша бөлшектелді. Бұл автокөлік ағынын азайтуға мүмкіндік берді. Сапасыз жөнделген және салынған жолдарды қабылдамаймыз. Кемшілік анықталса, мердігер барлығы өз есебінен қалпына келтіреді, ал жұмысына немқұрайлы қарайтын компаниялармен келісімшартты бұзамыз", – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу